Каюм Мухамедханов "Письма говорят"

Каюм Мухамедханов "Письма говорят"

затын, өктем күшке өзеуремейтін, білекті емес, білімдісыйлайтын қалпынан өзгерген жоқ.

Ол домбыраны жақсы тартатын. Ал лагерь-ден мандолина ала келді. Кейде соны сылап-сипап,Н.Некрасовтың «Тройка» өлеңіне жазылған əнді «Чтоты жадно глядишь на дорогу. » деп қоңыр үнменбаяу бастап, ойлы пішінмен айтып отыратын. Ол:

«. Прощай, немытая Россия, Страна рабов, страна господ. И вы, мундиры голубые, И ты, послушный им народ. » –

деп М.Лермонтовқа жиі жүгінетін. Лениннен бастау алған коммунистік идеолог-

тар өздерін декабристер мен халықшылдардыңұрпағымыз деді. Ал олар сталиндік кезеңде бөтенойды тұмылдырықтайтын күшке айналып, патшаның«көгілдір мундирлі» жалдаптарының ізімен кеткен-дерін аңғармай да қалды. Анна Ахматова 1939-жылы-ақ «көгілдір мундирлілер» мен НКВД-ныңкөкбөріктілерін салыстыра теңеген болатын. Киім-дерінің түсінен саяси түйсіктері сезіліп тұрған ғой.Сірə, лагерьде, қиямет құрсауында, жүрген қазақ ақын,А.Ахматованың «Реквиемін» оқымақ тұрғай естімеседе, М.Лермонтовтың құлдар мен мырзалар, көгілдірмундирлер мен жаншылған халық туралы тармақтарынжиі қайталап, салыстыра сан рет ой өрбіткен болар.Соның нəтижесінде 1952-жылы жазған, ғұмырыныңтұмары дерлік:

Туған ел – алтын бесік, ұшқан ұям, Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям?! Тарта гөр, Семейімнің топырағы, Төстіктей жеріңе мен еркін сиям! –

деген сағыныш назды өлеңі көп-көп жайды аңғартпайма. Иə, оған сүйікті де сүйкімді адамдарымен біргежүргеннен артық ештеңе керек емес еді. Оны солбақытынан айырғысы келгендер.

Қайым Мұхамедханұлымен қайтыс боларынан екіжыл бұрын бір əңгімелескенім əлі есімде. Өмірініңтеріскейі туралы сабақтап отырған сөзін кенет үзіп,өңі бозғылт тарта бір ауық үнсіз қалды. Ой бейнетініңбелгісі-ау. Ауыр тиді. Аямады. Жыл өткен сайын арт-паса, кеми қояр ма. Суалыңқыраған саусақтары көр-песінің бұрышын бүрді. Сəлден соң өңінің бозғылт бо-яуы шайылып, жылы шырайы орала бастады. Байырғыкешірімділігінің нышаны-ау. «Олар бұйрықты орын-дауды ғана білді. Сол үшін жазғыруға болар ма?» деді.

АБАЙ АРУАҒЫНА ІЗЗЕТ

Абайдың əдеби мұрасы. Жас ғалымды ғылым жо-лына бастаған, айналысуың осы болсын деп ұқтырақызықтырған бұл əлем шексіз еді. Ол соны біле тұраоған қадам басты. 40-жылдардың басында. Абайдыңақындық шалқар ой-əуені орыс əдебиетінің алыпта-ры Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың поэтикаəлемімен астасып жатқанын аңғарып, олардың өзарабайланыс сырына қанығуға шын қызықты. Бұл бай-ланыс бүгінгі абайтанушыларға өзінен-өзі түсініктітабиғи қалып болып көрінуі мүмкін. Орыс жəне еу-ропа поэзиясын кезінде оқыды, тоқыды дер. Өйткенібүгінгілердің алдында ХХ-ғасырдың ортасында ҚайымМұхамедханұлы салған жол жатыр. Абайтанудың қазір-гі даңғылына соқпақ болып қосылған ол жол бірте-біртекеңіп, жолаушылары көбейе берді. Соқпас иесі қазақтыңкемеңгер ақынының ой-өрісі мен өресі бүкіладамзаттықпоэтика əлеміне ұласып жатқанын, олай шарықтауынатабиғи дарыны, ізденімпаздығы, танымпаздығы жəнешығыс, орыс, еуропа мəдениетімен, əдебиетімен бай-ланыса алғаны ықпал жасағанын алғаш рет ғылымижүйеледі.

Ə дегеннен абайтануға ден қойған Қайым аға қарақұрсаудан босап шығысымен бірнеше жылға үзілгенжолын жалғап, Абайдың ел аузындағы өлеңдерінжинауға қайта кірісті де, бірінші жылы үшеуін, 1956-жылы алтауын тапты. Оларды жариялаудан бұрын шынмəнінде Абай өлеңдері екенін текстологиялық зерттеу-ден мұқият өткізіп, көзі жеткен соң дəлелді түсінік жаз-ды. Оның 1955 – 1959-жылдары абайтану тақырыбынажазған мақаласының ғана саны - он бір. Негізгілері:«Мағауия Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы»,«Абай туындыларының текстологиясы». Соңғысы қа-зақ текстологиясындағы баға жетпес басты еңбекке ай-налып, күні бүгінге дейін бұл бағыттағы үлгі-өнеге бо-лып келеді. Абай шығармаларын түгендей топтауы, оныңауқымы кеңдігін, тереңдігін, қайталанбас қуаттылығынтанымды да тапқыр əңгімелеуі, Қазақ əдебиетіоқулығында айтылғандай, «əдебиеттануымыздыңкөкжиегін кеңіткен жаңалық болды».

Қайым Мұхамедханұлы 1959-жылғы 12-маусымдаҒылыми кеңесте Абай тұсындағы ақындар жайындадиссертация қорғады. Сəтті болды, ойы орындалды.

Абайтанушы ізденімпаз ғалым 1970-жылы үлкенжаңалық ашты: Абай өлеңдерін 1909-жылы Санкт-Петербургта алғаш рет шағын жеке жинақ етіп шығар-ған адам Ілияс Бораганский екенін паш етті! Ол еңбегіҚазақстан, Ресей, Башқұртстан мұрағатжайларыменбайланысып, шаң басып жатқан гəзет жəне құжаттартігіндісін жылдар бойы қажымай ақтаруының жемісіеді. Сөйтіп, ол Абайдың ғылыми өмірбаянындағы тағыбір ақтаңдақтың орынын толтырды.

Абайдың ақындық, философиялық танымы тұтасбір кең əлем десек, Қайым аға ол əлемді өмірінің соңғысəтіне дейін зерттеп өтті. Абайдың туғанына 150 жылтолуына орай 1995-жылы шығарылған қостомдыққасіңірген еңбегі өз алдына бір төбе. Ұлы ақынның ту-ындылары бірінші рет ғылыми түсініктермен шықты!Көркем əдебиетіміздегі ол жаңалық Абайдың ақындық,

ойшылдық құдыретіне тəнті көпшілікті шексіз қуант-са, оларға сол қуанышты сыйлаған бірегей ғалымҚайым ағаның қабағын кірбең шалды: қостомдықты олдүкеннен сатып алды.

«Ештен кеш жақсы» дегендей, Қайым Мұхамед-ханұлына Қазақстан Республикасының Мемлекеттіксыйлығы берілді. Басқа да құрметті атақтар мен на-града болды. Олар: «Абай» энциклопедиясын, «Абай»қостомдығын жəне Абайдың шəкірттері жайындағытөрттомдықты шығаруға жұмсаған ғалымдық қажыр-қайратының өтеуі сияқтанды.

Қажымас Қайым аға ат шалдырмайтын ғадетіненжаңылған жоқ: мұрағат жайларды тынымсыз аралап,керегіне сұрау салып, тапсырыс беріп, алыс-жақындағыəдебиетші ғалымдармен сөйлесіп, хат жазысып, абай-тану аясын кеңітіп, жас ізбасарларын көбейте берді.

Баршамызға аян жəне бір жəйт – қазақ əдебиетінде-гі шəкəрімтанудың көшбасы Қайым Мұхамедханұлыекені. Ол озбыр билік өктемдікпен атын өшіргенШəкəрімді ақтап алу күресін отыз жыл бойы жүргізді.Қазақтың төл əдебиетінің төрінен орын алуға тиісақынды ғалым болып қана емес, түбі бір туыстықдəстүрдің талабымен де іздеді. Əкесі ерекше ғажападам Шəкəрім туралы арасында қызықтары да бар көпəңгіме айтатын. Шəкəрім 1912-жылы бұлардың үйіндебіраз уақыт мейман болып жатты. Ел-жұртқа танымалақын он саусағынан өнер тамған шебер де екен. Өзкиімдерін, етік-мəсіні қоса, өзі пішіп-тігіп алуы былайтұрсын, музыка аспаптарын да: қазақы домбыраныңтүр-түрін жəне сайын далада кездесе бермейтін скрип-каны өзі жасап алады.

Бір күні таңертеңгі шайдан кейін Шəкəрім қалааралайтынын, түске таман оралатынын айтып шығыпкетеді, бірақ межелі уақытта да, одан кейін де келмейді.«Бұлай болмаушы еді ғой?» деп Мұхамедхан мазасыз-данады. Сөйтіп отырғандарында бір полицей келіп, оныучасток бастығы шақырып жатқанын айтады. Сөйтсе,киім киісі ерекше сұңғақ бойлы бейтанысты тəртіпсақшылары тегін кісі емес, бұл шпион шығар деп ұстап,участокке алып барыпты.

Айтпақшы, Шəкəрім бүгінде қолымызда бар жалғызфотосуретке Мұхамедхан Сейітқұлұлының үйіндежатқан сол күндері түскен көрінеді.

Шəкəрімнің əдеби бүркеншік аты - «Ұмытылған»(ақынның өзі «Мұтылған» деп жазған, - Ғ. Қ.).Жекебатырға айналған Шəкəрімді бір күні Шыңғыстауының қойнауында атып өлтіріп, мүрдесін біртерең шұңқырға тастай салған қызылжағалылароның атын өшіру, ұмыттыру үшін қолдарынан келгенсойқандықтың бəрін істеген: ақынның кітаптарын,қолжазбаларын, киім-кешек пен нəрсе-бұйымдарынқұртқан. Оны-мұны қағаздарын, суреттерін өртеудікеңсенің мылқау күзетшісіне тапсырған. Шəкəрімніңбізге мəлім фотопортретін ақынды сырттай білетін,іштей құрметтейтін сол мылқау сақтап қалыпты.Байқатпай ала қойып, екі бүктеп, қойнына тығыпжіберіпті. Кейін сол жарымжан адам берген болар, олсурет сейітқұловтардың үйінде сақталған.

Əлмисақтан бері айтылып келе жатқан, «қолжазбакүймейді» деген əсірелеу сөз Шəкəрімнің кезінде мүл-де жоққа шығарылды. Ақынның қолжазбалары да,өзінің көзі тірісінде Семейде, Ташкентте, Қазандашыққан кітаптарына дейін жанып кетті. Егер ұлы Ахатəкесінің үш бума қолжазбасын, бір кітабын қалайдасақтап қалудың жолын таба алмаса, ақынның əдебимұрасынан біз мақрұм қалар едік.

Ахат та аз тауқымет тартқан жоқ. Талайды жазықсызтентіреткен, қазаға ұшыратқан «халық жауының ба-

ласы» деген сөз оған да қара таңба болып басылып,түрмеге қамалды. Қайым, өзі де бақылауда жүргенінеқарамай, тұтқындағы Ахат Құдайбердиевке тамақ апа-рып жүрген. Ахат одан келе бермеуді əлденеше өтініп,ол жүрісінің ақыры жақсы болмасын ескерткен. Қайымоның тілін алмапты. Ұлы ақынның баласын қиын-қыстау кезде қолдауды адами парызым деп білген.

Түрмеде бірнеше жыл отырып, əйтеуір, аман-есенбосап шыққан Ахат 1957 – 1967-жылдары ұлы атасыАбайдың мұражайын басқарып, содан кейін ғылымижұмыстармен шұғылданған. Əрине, əкесін ақтап алуғашындап кірісті де, соның нəтижесінде 1958-жылыКСРО Бас прокуратурасынан: «. айыбы дəлелденбеуісебепті Шəкəрім Құдайбердиевтің ісі тоқтатылды» де-ген, отбасы көптен күткен жауап алды. Алайда Ұмытыл-ған ақынның талантын тануға, шығармаларыныңжарық көруіне өкіметтің ол шешімі қолма-қол көмекбола алған жоқ. Шəкəрімнің тұмшаланған түнектегіжолын ашу əлі де көп арпалысты керек ететінін ҚайымМұхамедханұлы да жақсы біліп, ақынды толық ақтапалу күресіне бел шеше кірісті.

Марқұм ақынның ақталғаны мəлімденсе де, оғанашық наразылық, қарсылық жасалмаса да, Шəкəрім ту-ындыларын жарыққа шығаруға мұнда ешкім асықпады.Ақынның таңдап алған «Мұтылған» аты сол ұмытылғанкүйінде қала беретінге ұқсады. Қайым гəзет-жорналдар-ға мақала, партиялық басшылық орындарына хат жа-зып, Шəкəрімнің ұлы ақын екендігін, ресми ақталға-нын, яғни оның əдеби мұрасын жарыққа шығарып,насихаттау, таныту керектігін айтты. «Əлдекімдердіңəлдеқалай болар екен деген əсіресақтықтары кедергі бо-лып, ашылған жолды əдейі жауып тұрған сияқты», депашынды. Ахатқа жаздырған хаттарының да көшірмесібар.

«Тоқырау» жылдарының бірінде Семей облысы-на Ресейден келген ресми делегация Абай туып-өскенөңірге барыпты. Делегацияны обком қызметкерлері

алып жүріп, өңірдің тарихи жерлерін аралатқан,Абайдың үйін көрсеткен, тəу етуге зиратына апарған.Зират басындағы бір сəтте Қайым Мұхамедханұлы:«Мұнда қазақтың ұлы перзенттерінің бірі – Шəкəрімжатыр» деп, делегацияға ақынның моласын көрсеткен.Ол қылығы обкомдықтарға оқтай тисе керек, олар шо-шып, сасқалақтап қалған. Сəлден соң біреуі Қайымғатістене күбірлеп: «Сен бізді тірідей өлтірдің!» депті.Арының асқақ сөзін қорқынышсыз айтқан ғалым айы-лын жимапты. Оның ойы ұлы ақынның шығармаларынхалқына қалайда жеткізудің жолын ашу ғана болған.

Горбачевтің «қайта құруы» да дəрменсіз болыпшықты. Басталған сөз тиянақтар емес. Қимылды есе-лемей іс бітпесін байқаған Қайым жаңа жол іздеді. ОлШəкəрімнің өмірі жəне шығармашылығы туралы нақтыдеректі материал əзірлеп, ақынның ғылыми өмірбая-нын жасауды жобалаған еді. Енді соны жоғарыдағы-ларға жеткізбей болмайды деп түйіп, 1987-жылғышілде айында Қазақстан КП ОК хатшысы Г. Колбинге,КСРО Жазушылар одағының Бас хатшысы В. Карповқахат жіберді. Сол хаттан бір үзінді:

". восстановление имени Шакарима является важ-нейшей животрепещущей проблемой в истории ли-тературы и всей культуры Казахстана. Об этом женедавно на пленуме Союза писателей СССР в Москвеговорил Первый секретарь правления республикан-ской писательской организации поэт О.Сулейменов".Ақынның шығармаларын қайтадан шығару ойласты-рылмай отырғанына назар аударған Мұхамедханұлыодан арыда былай деген: "Я смею высказать своеубеждение по этому поводу: кое-кому не по нутру ин-тернационалистический дух творчества поэта Ша-карима, оттого изо всех сил тщатся приписать емунационализм. Этот грязный прием мне знаком, я сам водно время был жертвой такого метода".

Сол тұста Қайым «Қазақ əдебиеті» гəзетіне Шəкə-рім жайындағы ғылыми-зерттеуінің нəтижелері тура-

лы мақала апарып берген екен, бірақ редакциядағылар

тартыншақтаумен бірнеше айды өткізіп, ақырында ба-

спай қойыпты. Ұмытылған ақынды ұлағаттаудан се-

Өзімізде оңды ештеңе болмасына көзі жеткен

соң Қайым аға «Огонек» жорналының редакторы

В.Коротичке хат жолдап, былай деген (бірер сөйлемін

ғана келтірелік): ". чем и как объяснить, что с 1958 года, когда Ша-

карим был полностью реабилитирован, до сих пор неосуществлен I выпуск подготовленного Академиейнаук КазССР к печати в середине 60-х годов двухтом-ного собрания его произведений? За столь долгое вре-мя была всего лишь одна публикация (и то не в Казах-стане, а в Ленинграде) четырнадцати стихотворенийв переводе на русский язык в книге "Поэты Казахста-на". Очевидно, что восстановление подлинной правды оШакариме встречает серьезные препятствия со сто-роны некоторых ответственных чиновников в нашейреспублике".

(Аудармашыдан: «Поэты Казахстана» жинағыншығаруды ойластырған, оны құрастыруды МұхтарМағауинге тапсырып, Мəскеудегі, Ленинградтағыдос-жолдастарымен ақылдасып, баспаға жол тапқан- əйгілі жазушымыз Əнуар Əлімжанов.)

Бір ай шамасында КСРО Жазушылар одағынан жау-

ап келді (үзінді): "Мы внимательно ознакомились с вашим письмом

по поводу судьбы выдающегося казахского поэта имыслителя Шакарима. Переговорили с товарищами изЦК КП Казахстана. В данное время мы ждем от нихтруды Шакарима, чтобы полнее ознакомиться с творче-ством поэта (бұл сөздері шыңғыстаулық Жекебатырдыңшығармашылық мұрасына бейтараптылық емей, не-

мене?! Шəкəрімнің еңбектері партия шенеуніктерініңқайсысында болды екен?!-автор). Наш Роллан Сейсен-баев ведет переговоры с журналом "Литературное

обозрение", чтобы напечатать Ваше письмо-статьюна страницах данного журнала. Если редакторы пред-ложат Вам кое-что выправить и дополнить текст,то, пожалуйста, примитесь со всей душой. Как Вамизвестно, Шакарим по силе и значению второй поэтКазахстана после Абая".

(Аудармашыдан: соңғы сөйлем Қайымның өзсөзін, «как Вам известно» деп қойып, өзіне көлденеңтарту ғой? Партияның «ақылгөйлерінде» қымсынуболмаған.)

1988 жылғы көкек айының 7-сі күні Қ.Мұха-медханұлына Қазақстан Жазушылар одағы басқар-масының бірінші хатшысы Əди Шəріповтен: «Тиістіоргандар Шəкəрімді ақтады! Құттықтаймын!» дегенжеделхат келді. Мұндай құттықтау естуге оның - Се-мейде тауы шағылып жатқан ғалымның құқы бар еді.Шексіз қуанышқа бөленді.

Көпшілік сарғайып күткен іс сəтте оңға басып,Шəкəрім туындыларын жинақ етіп шығаруды бірнешебаспа дереу қолға алды. Ақиқат жеңді. Жинақтар шық-ты. Алайда қуаныштың соңы үлкен өкінішке айналды.Ақын шығармалары өрескел бұрмаланыпты. ҚайымМұхамедханұлы қатты налып, орынсыз бұрмалаулардытүпнұсқамен салыстыра отырып, текстологиялықмақалалар жазды. Семей мемлекеттік пединститутықұзырындағы Шəкəрім ғылыми-зерттеу орталығыныңдиректоры Тұрдықұл Шанбайдың бір күні кеңсесінеҚайым ағаның келгенін, өзін үстел басына отырғызып,қолына қарындаш ұстатып, Шəкəрім шығармаларыныңжаңа жинағын алдына қойып: «Мен Шəкəрімніңөлеңдерін жатқа айтамын, ал сен андағы кітапқақарап, бұрмаланған сөздерді түзетіп отыр» дегені бар.Тұрдықұл Қасенұлы кейін сол жəйтті есіне алып: «Меноның есте сақтау қабілетіне еріксіз таңдандым! Қаншақате, қанша бұрмалау тапқан десеңізші! Ол түзетпесе,кім түзете алар еді?!» деді.

Қайымның «Ақынның оралуы» деп аталған мақа-

ласы алғаш рет Семей облыстық «Ертіс» гəзетінде 1988-

жылы 23-көкекте жарияланды. Онда Ұмытылғанныңөміріне, өлеңдеріне, философиялық ой-пікірлерінегəзет көлеміне қарай қысқаша шолу жасалып, ақынтағдырының қандай қасіретпен аяқталғаны айтылды.Бірақ қазақтың: «бір айналдырғанды шыр айналдыра-ды» дегені келіп, мақаланы мүдірмей оқу мүмкін бол-мады: əріп қатесі быжынап, кейбір тұстары-ақ басқанкөздей шелиіп, мүлде көрінбейді. Жұртқа белгілі бия-зы, ұстамды, кешірімді Қайым қатты ашуланып, табан-дап талап етіп, мақаланы гəзетке қайтадан жариялат-ты. Ақын туралы пікірін: «Өмірі де, шығармашылығыда ерекше Шəкəрім халыққа керек, ол біздің руханитірлігімізді байыта түседі», деп тұжырды.

Сан жылдар бойы санатта болмаған Шəкəрімніңхалыққа, əдебиетке оралуы жөніндегі сол мақалаақынның «ақтаңдаққа» айналған өмірбаянын қалпынакелтіру хақында 1980-жылдардың соңында айтылғаналғашқы қуатты сөз еді.

БІР ӨЗІ – БІР ИНСТИТУТ

Ғалым Қайым Мұхамедханұлының мұрағатжай-ында сақтаулы кітаптары мен монографияларын, ма-қалаларын көріп, оның ғылыми еңбек бағытын ұғын-дыратын жүздеген папка жазбаларын шолып отырып,бір адамның тұтас бір ғылыми-зерттеу институтыныңжұмысын тындырғанына қайран қаласың!

Ғылымға алғаш қадам басқанынан іргелі істергеқұлшынулы Қайымда кездейсоқтық дер дəнеңе болғанемес, бəрі де жүйеленген. КСРО Ғылым акдемиясыныңҚазақ бөлімшесі ашылған 40-жылдардың басында-ақоған ғылыми жазба еңбегін тапсырушылардың біріболған Қайым үлесі ерекше мол еді. Оның: «Қабанбайбатыр» жəне «Бөгенбай батыр» (əрқайсысы 4 баспата-бақ, 1943-жыл); «Əріп ақын» (25 баспатабақ, 1944-жыл);

«Абайдың əдеби мектебі» (32 баспатабақ), сондай-ақ: Абайдың жарияланбаған өлеңдері мен шешендіксөздері, Шəкəрім мен Əріп туралы пайымдау еңбектеріжоғары бағалана қабылданыпты.

Қайым 1945-жылы «Қазақ əдебиеті тарихының»1-томын дайындауға қатысқан. Мұхтар Əуезов оғанқазақтың өткен дəуірлердегі ұлттық батырлары жайынбаяндаған дастандар бөлімін тапсырыпты. Ғалым қолдабарды сұрыптап (Қабанбай, Бөгенбай жəне басқа батыр-лар туралыны), қолда жоқты іздестіруге кіріскен. Өзі-нің, өзге ғалымдардың еңбектерін екшеп, көлемдіқолжазба жинақ əзірлеген де, ол 1948-жылы кітап бо-лып шыққан. Қайым одан өзінің мақаласын. таба ал-мапты. Ол қалай, қайда кетті?! «Мен таңданып, МұхтарƏуезовке бардым. «Менің қолымда не бар, жоға-рыдағы басшылар: қабанбайлар мен бөгенбайлардынасихаттамаңдар деп алдырып тастапты, деді» деп ескеалғанды Қайым аға. Мұхтар Омарханұлының дəл солкезде «жұмысты ақсатты» деген айыппен қызметіненбосатылғанын екінің бірі білген жоқ еді.

Əйтеуір, Қайымның ол ғылыми-зерттеу мақаласытүбегейлі жылы жабылып қалмады, ондаған жылдар-дан кейін жарық көрді.

Атап айтар бір жəйт: Қ.Мұхамедханұлының қа-ламынан шыққан зерттеу еңбектердің көбі қазақəдебиеттану ғылымындағы жаңалық болды. Мəселен,Бұхар жыраудың қайда, қашан туғандығын нақтыдəлелдеп, өзіне дейін сан жылдар бойы жасалған дол-барларды тиянақтады. Немесе Ф. Достоевский менШ. Уəлиханов суретке бірге түскен жыл 1856 делініпкелсе, Қайым ол екі тұлғаға қатысты құжаттарды:өмірдеректерін, жазысқан хаттарын ғылыми тəсілдер-мен мұқият зерттеп, суреттің екі жыл кейінде түсірілге-нін анықтады. Ф. Достоевскийдің, Семейдегі əдебимұражайының қызметкерлері оның ізденімпаздығынадəн риза болды.

Тізе берсек, ғалымның зерттеушілікке үлгі мұндайеңбектері аз емес. Ол əп деп шұғылдана бастағанынан

беріде: К.Рылеев, В.Даль, Л.Толстой, Ф.Достоевский,А.Чехов, М.Горький, Вс.Иванов, Т.Шевченко, Ғ.Тоқай,К.Насири, У.Ғаджибеков, М.Налбандян, С.Стальский,Я.Райнис, Лу Син, А.Мицкевич, Е.Юрандет жəнебасқалардың шығармашылық қырларын зерттегенəдеби мақалалар жазды. Бұл оның əдебиетке қатыстыəңгімеде ұлттық оқшаулықта қалып қою рухани тыны-сты тарылтатынын жақсы біліп, басқалардың озық ту-ындыларынан нəр алып отыру қажеттігіне жүгінгенінкөрсетсе керек.

Əрине, ол ең алдымен қазақ мəдениетінің, əдебиеті-нің тарихын, тағдырын білуге, егер əсірелеп айтсақ,ғашықтыққа бергісіз құштарлық сезіммен кіріскен.«Бұхар жыраудың өмірбаяны жəне шығармаларыныңтекстологиясы», «Махамбет шығармаларының тексто-логиясы», «Мұхтар Əуезовтің ғылыми-шығармашылықөмірі» деп аталған еңбектері бірден-бір дəлел. Абайдыңшəкірті Уəйіс Шондыбаевтың туындылар жинағынбаспаға əзірлеуі де - сол сезімінің жəне бір көрінісі.

Қайымның қаламынан туған ғылыми еңбектергетағы бір үңілсек, онда: Əміре Қашаубаев, Естай Бер-кімбаев, Садыр мен Бейсенбай ақын, Шоқан менМақы Уəлихановтар, М.Өтемісов, М.Дəулетбаев, Жам-был, Ж.Шанин, К.Байсейітова, Ш.Мусин, Ж.Саин,С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин,Т.Жомартбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Айма-уытов, С.Торайғыров, Т.Хасенов, Б.Момышұлы,Б.Қалиев, Т.Жароков, тағы басқалар жайындағы де-ректерге қанығамыз. Мұхтар Əуезов, Жамбыл, Естай,Ж.Саин, Вс.Иванов, Қажымұқан туралы естеліктері– қазақ əдебиеті тарихының қорына қосылған нағызсүбелі үлес. Ұлттық театр өнеріміздің тууы, қалыпта-суы хақындағы толғаныстары өз алдына бір төбе.

Шынында, тізе берсең, тауысқысыз емес пе? Иə, бұлбір бөлігі ғана болуы да мүмкін. 1977-жылы тұңғышҚазақ совет энциклопедиясының 12 томы жарыққашықты. Соның əрқайсысында Қ. Мұхамедханұлы

қаламының ізі бар! Халық өмірінің барша сала-сын қамтыған материалдардағы көптеген фактілердісұрыптау, салыстыру, анықтау, түзету, толықтыружəне соның бəрін мұрағатжай қорларындағы дерек-тер негізінде жазу қаншама уақытты, құмарлықты,күш-қуатты керек еткенін бір құдай білсін! Қайымаға зейнетке шыққанына қарамаған, тыныш тірліктіқаламаған. Абай энциклопедиясын шығаруға қам жаса-са жүріп, қазақстандық мəні бар тарихи-əдеби тақырыпатаулының бəрінде қалам тартқан.

Оның ғылыми еңбектеріне берілген ең жоғарыбаға қазақ əдебиетінің абызы Мұхтар Əуезовтің пікіріболғаны аян. Тағдырлары тоғысып, жолдары қиылыскеледі. Шəкіртінің кандидаттық екі диссертацияқорғағанына куə ұстазы бір əңгіме кезінде: «Сеніңекі диссертацияң да – ғылымға қосылған мол үлес.Мазмұндылығы мен жаңашылдығы жағынан екеуі дедокторлық диссертацияның талайына татиды. Шектеу-лі ереже шіркін болмаса, докторлық дəрежені аларедің» депті.

Иə, саяси астарды сылтау етпегеннің өзінде, оныңтекстологиялық еңбектеріне əділ бағаны М.Əуезовтенбасқа бере алар ешкім жоқ та еді. Диссертациясынорыс тіліне аударып, Мəскеуге, БАК-қа (Бүкілодақтықаттестация комитетіне) жіберу шарт болды. Ал оданшарапат күтудің қисыны жоқ. Құнарлы да бай өзтіліңдегі дүниені өресі жетпес өзге тілге аударту босəурешілік қой. Өзге тіл жазба еңбегіңнің мазмұнын, ру-хын жеткізсе де, қазақ тілінің дыбыс үндестігі мен сөзүйлесімділігі жарасып, көңіл пернелерін дөп басатынталғамды көркемдігін, нəзік те қуатты нақышын игереде таныта алмайды. Ал жалпы советтік əдебиеттанудатекстологиямен айналысып жүрген маман екеу-ақ:Д.Лихачев пен И.Жирмунский. Олар да орыстілдіавторлардың ғана еңбектерін күйттейді. Қазақ тілдіҚ.Мұхамедханұлының ғылыми жұмысын жан-жақтыталдаушы бола алулары екіталай.

Тындырымды ғалымның үлкенді-кішілі еңбектерініңбəрі де - отандық ғылымға қосылған əдеби-тарихимəні бар дүние. Диссертацияларына арқау болғантақырыптар да, марқұмның мұрасында қалған жүзде-ген материал да - оның шəкірттері зерттер, өнеге аларрухани байлық. Қайым дерек жинауға жауапкершілікпенқарап, мақалаларын зерлей жазған. Бір мақаланы жазуүшін оның көлемінен əлдеқайда көп дерек жинаған.Бір тақырыпты жан-жақты игеріп жазған мақалаларыбір папка десек, оған дайындық барысында жинағанқұжаттар он шақты папка екенін көреміз. Ол қолынатүскеннің бəрін сан көбейтуді қуып жаза бермеді,əңгіме арқауын мейлінше ширатып, дерек көзін тапбаса мейлінше сапалы, қысқа да нұсқа етіп ұсынды.

Оның жазғандары жаңалық болушы еді дедік. Шынмəнінде солай. Ол бір жаңалықтың шетін көрсе, оныигілікке жарату үшін өзінің уақытын да, күш-жігерінде, тіпті қаржысын да аямайтын. Соның түпнұсқасынтаппай тынбайтын. Құдай біледі деп айтайын: кешегікеңбайтақ еліміздің баспасөз, кітапхана, мұрағатжайатаулысында, жазушы-аудармашылардың біразыныңмұражайларында Қайым Мұхамедханұлынан алғанмақала, хат, тапсырыс дегендей құжат бар. Өйтіпізденбейінше қапысыз жазу мүмкін еместігіне мəнберудің үлгісі.

Жаңашыл ғалымның сол қырынан бір мысал - ІлиясБораганскийдің кім екенін анықтағаны. Абай өлеңдеріналғаш басып шығарған адамды іздеу жұмысын бы-лайша баяндайды: «1966-жылы Мəскеуге, КСРО-ныңЛенин орденді мемлекеттік кітапханасына ІлиясБораганскийдің кім болғанын сұрай хат жібердім.Ондағылар ешқандай дерек таба аламаған да,менің хатымды КСРО Ғылым академиясының Азияхалықтары институтының кітапханасына жолдаған.Олардан да көп кешікпей келген жауапта І. Бораган-ский жайында ешқандай материалдары жоғы, меніңөтінішімнің шығыстанушы профессор Б. Данцигке

жіберілгені айтылыпты. Б. Данциг маған хат жа-зып, Азия халықтары институтының Ленинградта-ғы бөлімшесінде қызмет істейтін профессор Кононов-пен, сондай-ақ Ленинград мемлекеттік университеті-нің шығыстану факультетіндегі Новичовпен хабар-ласуға кеңес беріпті. Ол келесі хатында бұл екеуініңəдрістерін жазып жіберді де, мен аталған екеуіне хататтандырдым.

Кононовтан жауап хат келді. Оның тапсыруы бой-ынша іздеу жүргізген қызметкері Дулинаның жолыболыпты. Санкт-Петербург университетінің шығыстілдері факультетінің 1855 – 1905-жылдардағы шолуқұжаттары арасынан: «Илияс мырза Бораганскийс 20 августа 1898 года преподает турецкий язык. »деген дерек қағаз табылыпты! Бірақ, амал не, олжақ одан басқа ештеңе тауып бере алмады да, ментығырыққа тағы тірелдім.

«Илияс мырза. » Арада екі жыл өтті. «Қазақ тілі» гəзетінің тігінді-сін қарап отырып, оның 1922-жылғы қазан айының28-і күнгі санынан ірі əріпті: «Бораганский – ақсақал»деген тақырыпты көріп үңілсем, ол Башқұртстанүкіметінің оны 70 жылдығымен құттықтауы екен!Бəрекелді, енді Башқұрстанмен хабарласуым керек! Қуанышым қойныма сыймай, Башқұрстанныңорталық кітапханасы мен мұрағатжайына хатжібердім. Олардан қайыр болмады. Ешбір дерек табаалмапты. Сондада үміт үзбедім. Башқұрт ақын-жазушыларының бəріне хат жазып, сұрау салдым.Қарт жазушы Сайфи Құдаштан келген жауаптамаған қажет деректің қай кітапханаларда болуымүмкін екені айтылыпты. Содан соң КСРО-ның солкітапханаларына хат жаздым. Сөйтіп, 1970-жылыБораганский туралы мақала мен оның портретібасылған жорнал қолыма тиді!»

Міне, ол болмаса, кім деген сауалдың жауабы осы

емес пе? Абайдың алғашқы баспагерін іздеу, ол іске

қашама уақыт, төзім, жүйке, қаржы жұмсау Қайымнанбасқа кімнің қолынан келер еді? Келген күннің өзіндезауқы барлар табылар ма еді? Əлдекімдер үшін мəнішамалы көрінер бұл дерек қазақ тарихының Абай та-рауына қажет екенін ғалым Қайым, зерттеуші Қайымтүсінді!

Қажуды білмеген Қайым ағаның бастаған ісінаяғына жеткізу талабы, табандылығы кім-кімді бол-сын еріксіз таңқалдырары жəне сөзсіз. Мəселен, оныңөзімізден тыс жерлердегі мұрағатжайларға, басқа даорындарға жолдаған өтініш-сұрақ хаттарына жауап:араб, татар, башқұрт, орыс, т.б. тілдерде келеді. Қайымсолардың бəрін бір өзі қазақ тіліне аударып, пəленбайқызметкері бар ұжымның жұмысын жалғыз атқарды.Тағы бір ерекшелігі: ол өзінің бүкіл еңбегін, оның ішіндешəкірттерінің, студенттердің жазба жұмыстарынабілдірген пікірі, берген бағасы да бар, əрпін маржандайетіп қолмен жазатын. Сондай-ақ, қай материалының қайпапкада жатқанынан жаңылып көрмеген. Басқа жақтажүргенінде бір материалынан дерек қажет бола қалса,үйіне дереу телефон шалып, ол материалдың қай папка-да жатқанын, оның нешінші бетін қарай қоюды өтінедіекен жəне ешқашан қателеспепті. Ұстазының ондай ойсергектігіне тіпті ол төсек тартып, екі өмірдің ортасын-да жатқанында хал-ахуалын білуге келген шəкірттерікуə.

Ол кітаптардағы, гəзет-жорналдардағы өзіне қажетмақалаларды қолына қарындаш алып отырып оқыған.Құп көрмеген қате тұстарына сұрақ белгісін қойып, не-месе түзете түсінік жазып, аямай «шимай салады» екен.Гəзет мақалаларын қиып алып, сол тақырыптас мате-риалды жинайтын папкасына салып қоятын, кейіндекерегіне жарата сілтеме жасайтын болған.

Əдеби шығарманың қадір-қасиетін ерте түсінген,сол ыңғаймен бірнеше тілді меңгерген, бойындақұлшыныс-талап бар Қайым айтулы аудармашы даеді. Оның əдебиетке бет бұруына аудармашылық əсер

етті деуге де болар. 14 жасында бір күні ЫдырысМұстамбаев үйіне ертіп барып, араб əрпімен жазыл-ған қалың қолжазбаны ұстатып: «Мынаны оқып көр-ші», - депті. Мұхамедханның үйінде жиі болатын кісі-лердің бірі Ыдырыс еді.

«Бірнеше сөйлемді мүдірмей оқып бердім, - деп ескеалады Қайым аға. - Содан соң ол:

- Осы қолжазбаны арабшадан кирилицаға түсіріпбере аласың ба? Шамаң келе ме? - деді.

- Келеді, - дедім. Қолжазбаны үйге алып кетіп,күндіз-түні дерлік əуре болып, жиырма күнде жасап,апарып бердім.

- Ұқыпты екенсің, жақсы жасапсың, - деді Ыдекең,шолып шығып. Шынайы риза болды. Қолымды қысып,құшақтап, арқамнан қақты. Кетуге ыңғайланабергенімде кідіртіп, ақша ұсынды. Мен ыңғайсызданыпқалып, ақшаны алудан бас тартып едім, ол:

- Мұның жарамайды. Сен еңбек еттің, ал еңбектіңақысы төленуге тиіс, - деп ақшаны алдырды. Менің еңбірінші еңбекақым сол болған».

Сөйтіп ол қаламын кəсіби аудармашалыққа дабұрды. Əзірбайжан У.Ғаджибековтің «Аршин малалан» музыкалық комедиясын 1940-жылы қазақ тілінеаударып, оны Семейдің қазақ драма театры қабылдап,өнер кестесіне енгізді. Мемлекеттік опера жəне ба-лет театрының сахнасынан да бірнеше жыл бойыкөрсетілді.

Қайым аға 1941-жылы А.С.Пушкиннің «Русалка-сын» қазақшалады.

Бомаршенің «Фигароның үйленуін» қазақ тілінеаударуға ресми тапсырыс алғаны жөніндегі деректе отбасының мұрағатжайында сақтаулы. Ол аудар-масының қолжазбасы да өзі 1951-жылы тұтқын-далғанда басқа еңбектерімен бірге тəркіленіп, ол даіз-тұссыз кетті. Қайым оны кейін, тұтқыннан босапкелген соң, қайтадан аударған екен, өкінішке қарай,қолжазбасының үзінділері ғана табылды.

Лагерьде жүргенінде «Сормаңдай Лизаны» аудар-ғанын айттық. Ал 1955-жылы Қазақ мемлекеттік əде-биет баспасының тапсырысы бойынша Боккаччоның«Декамеронын» қазақшалады.

Ол татар тілінен 1973-жылы аударған «Қожанасырүйленеді» атты пьеса Семей сахнасында он жылданастам уақыт бойы қойылды.

Польша драматургы Е.Юрандеттің «Заман осын-дай» драмасы да Қайымның сəтті аудармаларының біріболды.

А.Фадеевтің «Жас гвардия» романы желісіменМ.Граков сахналаған драманы да аударды.

1968-жылы С.Анисимовпен бірлесіп «Жас шағым-ның қаласы» деген киносценарий жазды. Ол Семейдің250 жылдығына арналды. Сол мереке қарсаңында Абаймұ-ражайын əңгімелеген жолбастауды жазып, оны орыстіліне М.Шаталин аударды.

Қайым телеклуб сахнасынан ұлы отандастарыхақында айына бір рет əңгіме өткізіп тұруды 1970-жылдан бастап, ол игі ісін біразға дейін мұқияттап іскеасырды.

Бірнеше пьесаны, көптеген өлеңді қазақшалағанҚайым аудармашылық əсерімен өзі де пьесалар жазды.Ұзын саны жүзден асады. Бірақ ол еңбектері əзірше,өкінішке қарай, жеке кітап болып шыққан жоқ, алшыққандары «күзеуге» ұшырады. Мысалы, ҚазақстанКП Орталық комитетіне 1981-жылы жолдаған өтіні-шінде (жоғарыда аталған) М. Əуезовпен жазысқан хат-тарын қайтарып ала алмай отырған халіне күйінгеніменқатар мынадай жолдар бар:

". мною в 1978 году сдан сборник избранных пьес"Комиссар Габбасов", "Майданнан - майданга", "ЕрБилисай", "Перне", "Хаджа Эфенди женится" в изда-тельство "Жалын". Однако до сих пор этот сборникне выпущен, а какая-то мизерная часть его объема,переданная издательством "Жалын" в издательство"Онер", вышла в этом году в плачевно исковерканном

виде (сборник "Волшебный занавес", "Онер", 1981 г.).Грубо попирая элементарные нормы и законы об ав-торском праве, издатели, по существу, занялись на-стоящим издевательским оперированием главных сю-жетных линий, ключевых сцен, центральных героевпроизведения, в результате дали жалкое сознательно-пародийное антипредставление моему тексту".

Сол хатында: «Шығармаларымның тағдыры шыр-ғалаңға ұшырап, жанымды ауыртып жүр. » десе, əде-би мұрасының ол шырғалаңнан құтылуы, арада онда-ған жылдар өтсе де, əлі күнге дейін беймəлім. Орын алғанқателіктер түзетілген жоқ. Қайым Мұхамедханұлы-ның əдеби, ғылыми еңбектеріне текстологиялық зерт-теу жасауды қолға алған да ешкім көрінбейді.

«АДАМ БОЛА БІЛІҢДЕР»

Өзінің қалауымен, əдетімен басынан асып жататынжұмысы Қайымға жайшылық жандардың ұғымында-ғы «жеке бас тірлігі» дегенді ұмыттырып жіберіп, демалуға да уақытын қалдырмайтын. Үнемгі ой жұмысы,оқу-жазулар, ішкі толқыныстар, дүдəмалдар, салы-стырулар оны жайшылық топтан екшеп шығарған еді.Əйткенмен, төңірегіне үңілуге уақыты болмай жүретін«томаға тұйық» немесе «өзі мен өзі əлек» деп күлкігеайналдыруға жатпайтын ғалымның басынан кісі сенгі-сіз хикаялар өтетін.

Қайым ағаның асыл жары Фархинұр оған үй-ішініңұсақ-түйек шаруа атаулысын жүктемейтін. Үлкен от-басын асырап-сақтайтын қаржы тауып жүргенінің өзіқаншалық! Алайда, соғыстан кейінгі кез болар, біркүні дүкеннен нан əкелу керек болып, Қайым «менəкеле қояйын» деп кетіп, дүкенге барып, сатушыданбір кило нан өлшеп беруді өтінеді. Сан жылдар бойы

нанды грамдап сатып алуға мəжбүр болған əдетіненəлі жаңылмаған ағаның ол қылығына сатушы мəз бо-лып күліп, бөлке ұсыныпты.

Бірде темекісі таусылып қалады. Ол «Беломорка-нал» деген шылымды ғана шегеді екен жəне оны Фар-хинур апай əкеліп жүреді екен. Ол жолы апайдың қолытимейді де, өзі баруға жиналады. Қайым аға əмиəн ұстапкөрмеген, үйге қажеттінің бəрін əйелі, ересек балала-ры сатып алып жүрген. Темекісінің бір қорабы қаншатұратынын білетін əйелі сонша ақшаны санап ұстатадыда: «Бағасын артық-ауыссыз төлегенде, керек нəрсеңдікезексіз-ақ алауыңа болады», деп ескертеді. Біраз уақытөтеді. Ерінің иститутқа баратын мезгілі таяп қалады.Фархинұр мазасызданып, дүкенге барса (дүкен өздерітұратын үйдің астыңғы қабатында екен), Қайымы ба-лаша тымпиып, кезекте тұр! «Кезексіз алу ыңғайсызғой» деп күңк етеді. Сатушы елең етіп: «Аға келді деүн-түнсіз тұрды, сізді тосатын шығар деп ойладым,жалғыз қорап темекі алуға келгенін білмедім» дейді.

Отбасында болсын, жолдас-жора ортасында болсынəрқашан сыпайы, биязы Қайым – он баланың əкесі –баршаға беделді болған. Үй ішінде ренжу, қатты сөйлеудегенді білмеген.

Қайым балаларымен шүйіркелесе, ақылдаса қал-ған кездерінде: «Адал, əділ болыңдар. Адам болабіліңдер!» деп отырады екен. Ол ат-атағын, беделін,еңбегін, қызметін ешкімге, ешқашан пұлдап көрмеген.Бас пайдасын ойламаған. Республикаға еңбегі сіңгензейнеткер болуы себепті мəртебесі биік емханадақаралуына, сондай ауруханада жатуына құқы болса да,оны құнттамаған.

Мұны оқығанда кейбіреулердің: «Өй, шіркін!»деулері мүмкін. Ал Қайым аға əу баста өзінің ақыл-ойықалыптастырған қарапайым қағидасын бұзған емес,адам бола білу ұстанымынан жаңылмады. Ақын жерле-сі Қалихан Алтынбаев бірде: «Қайым қай биікке болсынентікпей шығып жүрді. Өйтуге өзгелердің жүрегі шы-

дамады» деді. Мұны Қайым ағаның табиғи сана-сезімтазалығынан нəр, қуат алған жүрегі мықты болды депұққан жөн болар.

«Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, Қайым аға біркөрген кісіні жылы шырайымен баурап алатын. Таны-сып, білісіп, əңгімелері жараса кеткенде көп жылғыдос-жолдастарша шүйіркелесетін. Оның үйінде кей-де бірлі-жарымды, кейде топтап мейман болмағанкүн сирек шығар. Қызметтестері, шəкірттері, оны-мұны шаруамен шалғайдан іздеп келгендер. Көбінесебүгінде тарихта аты қалған жайсаңдар: атақты балуанҚажымұқан, жазушы Всеволод Иванов, ақын Естай жиікелетін. М.Əуезовпен қарым-қатнасы өз алдына, Жам-был, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ə.Марғұлан, А.Жұбанов,Ж.Саин, Е.Ысмайылов жəне басқалармен араласты.Алыс-жақын қалаларда, жазушылар қауымының Кав-каз бен Қырымдағы, Мəскеу төңірегіндегі шығар-машылық үйлерінде, санаторийлерде Фархинұрекеуі болғандарында қалмақ əдебиетінің классигіД.Құғылтиновпен, əйгілі орыс əртистер Е.Моргунов,С.Мишулин, Е.Миронов жəне басқалармен небір көңіл-ді сəттерді бірге өткізді. Көркемдеп жазылған тартым-ды, дəлме-дəл деректі хикаяға бергісіз естеліктеріндесол бір күндер жайында шерткен сыры бар.

1938-жылы бүкіл еліміз Жамбыл Жабаевтыңшығармашылығына 75 жыл толуын тойлауға əзірліктібастады. Семейге Қазақстан Жазушылар одағы бас-қармасының төрағасы Сəбит Мұқанов келді. Ол тойдың

қашан өтетінін, оған жер-жерден кімдердің қатысаалатынын айтты. Бір жаңалық: Жамбылға арнағанəңгімелері, əн-күйлері, өлең-дастандары арнаулы ко-миссиядан жақсы баға алғандар шақырылады екен. Олбəйгеге Семей мұғалімдер институтының соңғы курсстуденті Қайым Мұхамедханұлы «Жамбыл» атты дас-тан-толғауымен қатысып, жүлде алды. Халық ақындарымен жыршыларының өнер жарысы 18-19-мамыр күндеріболып, оған Мəскеуден, Ленинградтан меймандар қа-тысты. Мұхтар Əуезов баяндама жасап, Иса Байзақовпен Нүрпейіс Байғанин жырдан шашу шашты. Олжиын ресми шара емес, халықтық тойға айналды.

19-мамырда Жамбылдың Ленин орденімен мара-патталғаны хабарланды да, қарт жырауды құттықтауғаСемейден Алматыға баратындардың тізімі жасалды.Ішінде Қайым бар. Олар қоңыр қаңылтыр шатыр-лы үлкен үйге ат басын тірегенде Жамбылдың əдебихатшысы топ алдына шығып, сəл бөгеле тұруларынөтінді. Жəкең мен Орынбай Тайманов (ақын) намазғажығылған екен.

Сəбит Мұқанов Жамбылды жас ақындар атынанқұттықтауды Қайымға тапсырыпты.

Сол күндер туралы Қайым Мұхамедхановтан есті-ген əңгімені «Абай» жорналының ғылыми қызметкеріМ.Сұлтанбеков былай баяндады:

«Жамбылды идеологиялық жəне саяси насихаттыңкейіпкері еткендері жарамады. Өкінішті болды. АлЖамбылдың намаз оқығаны, өзі жайындағы желпіндісөзге елпілдемегені, жоғары награда алғанына мəнбермегені мені таңдандырды, мен іштей қуандым. Олақын Орынбайға қарап: «Осының бəрі о дүниеде мағанқалай болар екен?» деп басын шайқады. Өкімет Əулие-ата қаласын «Жамбыл қаласы» деп атау жөнінде қаулышығарғанын естігенде бабаларына жыр арнап, кешірімсұрады. Ал Сталиннің құттықтағаны хабарланғандауытты əжуамен жауап өлең айтты».

Сол тарихи кездесу күндерінде жас жазушыларқарт Жамбылды ортаға ала суретке түсті. Жазушылар

одағының Жамбылға арналған салтанатты пленумыкезінде (20-22-мамырда) Қайым қазақ əдебиетіндегіқаламдас аға-інілерімен, құрбы-құрдастастарымен десуретке түсіп, жырауға арнаған дастанын биік мінбер-ден оқыды. «Мен дастанымды оқып болып, оны прези-диумда отырған Жамбылға апарып ұсындым. Ұлы ақынерекше риза болып, қатты құшақтап, батасын берді, -деп еске алады Қайым аға. - Бұрылып кете бергенімдеСəбит Мұқанов тоқтатып, екеуіміз Семейде түскен фо-тоны қалтасынан алып, сыртына қолма-қол бір шумақөлең жазып, залдағыларға оқып берді де, фотоны мағансыйлады. Ол шумағындағы ой-тілек Жамбылдың шын-шыл болу, өлеңнің қадір-қасиетін білу туралы жыр-тілегімен үндес еді, тегі Сəбит соны ескерген де болар.

Қайым одан кейінгі салтанаттарда: жазушылардыңқұрылтайларында, ақындар айтысында Жамбылменбірнеше рет кездесті, жырларын тыңдады. 1945-жылыЖəкеңді ақтық сапарына аттандырысты.

Жамбылға арналып өткізілмек салтанатты жиынғааттанған Қайым онда тағы бір құрметті кісімен – ақынЖұмағали Саинмен танысамын, одан арыда дос болыпкетеміз деп, əрине, ойлаған жоқ. 1938-жылдың мамы-рында семейліктердің делегациясын Алматыда Саинқарсы алып, əр жердегі кездесулерде, жиналыстарда –салтанатты шаралардың бəрінде бірге жүрді. Жай ғанатаныстықтың ақыры екі ақынның өзара түсіністігіне,достығына ұласты. Ал бір жылдан соң, 1939-жылдыңкөкек айында, Жамбылдың ең дарынды шəкірті СаяділКерімбеков пен Жұмағали Саин Семейге келді. Қуанатабысқан сол күндердің бірінде Жұмағали мен Қайымқала сыртына шығып дем алып қайтуды ұйғарысты.Табиғат жаңа оянып келеді. Кең дала бусана керіліп жа-тыр. Тап-таза көгілдір аспан шексіз күмбез тəрізденіпкөз тартады. Үйлесімді ғажап көрініс көңілді желпіп,қиялыңды тербейді. Бір сəтте Жұмағали қарындаш

сұрап алды да, бірдізерлей қалып, ақ параққа əлденежаза бастады. Сəлден соң көтеріліп, ол қағазын Қайымғаұсынды. Өлең екен. Қайым қастерлеп сақтаған ол өлеңмінеки:

Құлпырып жастық шақта жайнап тұрған, Аспанда алтын күнге құлаш ұрған. Қартайып жас жеткен соң талай жүйрік Қайтадан келер ме деп арман қылған.

Біреулер өзі сүйген сұлуды айтқан, Біреулер көппен ойнап-күлуді айтқан. Біреулер құрыш қанат көк дауылдай, Аспандап шарқ ұрып жүруді айтқан. Балғындай балаусалы кезін айтқан, Торғындай үлбіреген ақ маралдың Гауһардай жалтылдаған көзін айтқан.

Ал, біз айтсақ қызыл гүлдей күнді айтамыз, Жүректен ақтарылған сырды айтамыз. Ақыннан Саяділдей толқып шыққан, Балауыз, шырын дəмді жырды айтамыз.

Семейден Алматыға біз кеткенде, Сағынар, сағынысар күн жеткенде, Қайым-ау, сен де бізді еске аларсың, Досыңмен жүрек сырын тербеткенде.

Өрен жүйрік Саяділ, ақын Қайым, Өткізген біз бұл жерде жаздың айын Əр кезде сағынышпен ойласын деп, Өлең ғып бір-екі ауыз жазған - Саин.

Жұмағали САИН. Семей, 28-көкек, 1939 ж.

1939-жылы маусымның 21-інде Қазақстанжазушыларының екінші құрылтайы ашылды. Оғанреспублика жазушылары ғана емес, Кеңес Одағыныңшартабынан меймандар келді. Мұхтар Əуезов, ИванШухов, Леонид Соболев қатысты.

Құрылтайға Семей облысы делегациясының құра-мында барған Қайым Мұхамедханұлына павлодарлықақын Естай Беркімбаев ерекше əсер етті. «Кеңмаңдайлы, көзіне ой тұнған, қас-кірпігі қалың, қияқмұртты, шоқша сақалды кісі екен, - деп жазыпты Қайымаға естелігінде. - Жанына жақын бару қиын болды. Де-легаттар, ақсақал ақын-жазушылар, əнші-күйшілер,жорналшылар қоршалап ала қояды. Ол домбыраныкелістіре тартып, əн шырқайды.

Біз үйге қайтқанда бір пойызда, бір вагонда болдық.Жолаушы жұрт жол бойы біздің вагонға жиналып,Есекеңді ортаға алып, əңгімелесіп, əн салғызып мəз-мəйрəм болысты. Ақын ақсақал, жасы 70-те болса да,жігітше көңілденіп, көріктеніп отырды. Мен одан Се-мейде түсіп, менің үйімде біраз уақыт мейман болудыөтіндім. Ол келісті.

Үйде оны сөзбен, əңгімемен мазалаған жоқпын.Дем алуына, тынығуына жағдай жасадым. Өте қара-пайым кісі екен. Күй-күтім талғаған жоқ. Қоңыр үндідомбырасын анда-санда қолына алып, баяулата əн са-лады.

Əрине, екеуі сырласа əңгімелесті де. Жас ақын,ғалым Қайым өзіне ғажап ұнаған ағасының өмірі меншығармашылық жолын білуге құмартты. Бірде еңалғашқы əні туралы айтып беруді өтінді. Естай сəлаңтарылып, содан кейін ойға шомып біраз отырды да,пəстеу қоңыр үнмен əңгімесін бастады. Қайымныңестелігіне үңілелік: «Алғашқы əнімнің аты - «Хорлан».20 жасымда шығардым. Ол ғашықтықтан туды. Сұңқарболысындағы Қыпшақ-өрік руы сұлтанның Хорландеген қызы бар екен. Мен оны бір тойда байқап қалдым.

Əн шырқап отырғанмын. Ынталана тыңдаған топтанерек екі қызға көзім түсті. Көркемдеуінің аты Хорланекен. Тойға сіңлісі екеуі келіпті. Мен бірден ғашықболып қалдым. Сол кеште таныстық, сөйлестік. Олда мені ұнатып қалыпты. Сөйтіп. екеуіміз табыстық.Айрылмасқа серттестік. Келесі жылы қызды алыпқашатын болдым, себебі менде айттырар мал жоқ. Бірақалып қаша алмадым. Əкесі қалайда біліп қойып, басқабіреуге ұзатып жіберді. ».

Арада алты жыл өткенде Естай Хорланды əдейілепіздеп барып, көріп қайтқан. Олар 1931-жылы, жастықпенхош айтысқан, кəрілікке аяқ басқан кездерінде, соңғырет көрісіпті.

Естай Қайымның үйінде екі апта құрмет-қошеметкөріп, үйіне кемемен қайтқан. Екеуі содан кейін 1945-жылы - Абайдың 100 жылдығына арналған салтанат-ты жүздесіпті. Тойды өткізу жөніндегі комиссияныңжауапты хатшысы Қайым оны құрметті мейман ретіндеəдейілеп шақырған. Естай сол жолы Қайыммен хошта-су өлеңін жəне фотосуретін кейін Ахмет Жұбановқа та-быстап, олар сазгердің «Замана бұлбұлдары» кітабынаенгізіліпті.

Қайым Естаймен кездесулерін, оның «Хорлан»əнінің тарихын дос-жолдастарына айтып беріп жүрген.Сол əңгімелері бір күні гəзетте жариялансын. Басқабіреу өзінің көріп-білгені етіп қымсынбастан жазыпты.Оны естіген Қайым аға ашу шақырмай, сəл жымиып:«Е, мейлі. Əннің шығу тарихы жұртқа тарай берсе бол-ды емес пе?» дей салыпты.

1948-жылдың маусымы. Семейлік ақын-жазу-шылардың бір тобы ұшқыр қайыққа отырып, Ертістіөрлей əуежайға жол тартты. Көрнекті орыс жазушысыВсеволод Ивановты қарсы алмақшы. Қайықтың соңын-да қайнағандай бұрқырап қалып жатқан суға қызыға

қарап тұрғандарында жолаушылардың бірі Всеволод-тың Максим Горькийге оқып берген бірінші əңгімесі«Ертісте» деп аталғанын еске алды.

Олар кешіккен ұшақты əуежайда ұзақ күтсе де,құрметті мейманды қуана қарсы алды.

«Оның сол алғашқы жүздесудегі əлпеті маған қалай-да ерекше ұнап, өмір бойы көз алдымда тұрды. Дархандаланың баласына тəн кесек тұлға, кең маңдай, сəлтаңқыш мол мұрын, - деп жазыпты Қайым аға, «Парти-зан хикаяларының» авторын еске алуында. - Көзəйне-гі қалың болса да, көзінің күлімдеп тұрғанын байқа-дым. Ол бізбен өзінің жиі кездесіп жүрген байырғытаныстарын көрген кісіше жайдары амандасты. Жасы53-те болса да, жігітке тəн шалт қимылды. Жайдары.Жүрісі ширақ».

Малды ауылды, ірі кəсіпорындарды аралағанда,жергілікті гəзеттердің редакцияларында болғанда,қысқасы: «совет əдебиетінің ту ұстаушылары»көруге тиіс жерлердегі кездесулердің бəрінде ҚайымМұхамедханұлы құрметті мейманмен бірге жүрді. ОлСемей қаласын аралағандарын, əсіресе мұражайларда,оның ішінде Абайдың мұражайында болғандарынерекше ілтипатпен еске алатын еді. Өйтпегендеше?! Абай мұражайын ашу үшін ұлы ақының киім-кешегін, бұйымдарын, қолжазбаларын іздестіругеқаншама уақыт, қаншалықты күш-жігер жұмсалдыдесеңізші! Мұражай шағын-шағын бес бөлмесі барағаш үйде орналасқан. Ол кезінде кемеңгер ақын Се-мейге келгенінде қонып жүрген үй болатын. ВсеволодИванов қызыға, құмарлана аралап көрді. Алған əсерінкейін М.Əуезовтің «Абай» романы хақында жазғанмақаласында тұщына айтыпты.

Қадірлі мейманы мен екеуінің қаланың көріктіжерлерін аралап, көп əңгіме-дүкен құрғандарын Қайымризашылықпен еске алып отыратын.

«Достоевский тұрған үйде болғанымызда, - дейдіҚайым, - Всеволод Вячеславұлы маған:

- Қайым, сен ғой Абай мұражайының директоры-сың. Олай болса, сен Федор Михайловичті ұмытпауғатиіссің. Ол Шоқан Уəлихановтың өмір бойғы досы бол-ды емес пе? Қолжазбаларын Шоқан сыйға тартқан,таңдаулы қайың тозынан жасалған жəшіктесақтағанын білесің, - деді. Мен ол жəйтті білмейтінедім, сəл абдырап қалдым да:

- Иə, екеуі шынайы дос болған, - дедім. - Бұл үйді мұражайға айналдыру керек, мен облысбасшыларымен сөйлесейін, - деді Всеволод». Қайың тозынан жасалған жəшік туралы мағлұматтыкейін, Анна Григорийқызы Достоевскаяның естелігіненоқыдым. Болашақ əйелімен əңгіме сəттерінің бірінде Фе-дор Михаилұлы: «Мына ғажап жəшікті қарашы! Мұнымаған сібірлік досым Шоқан Уəлиханов сыйлады. Бұл– менің ең бағалы бұйымым. Қолжазбаларымды, хат-тарды, өзге де қымбат нəрселерімді осы жəшікте сақтапжүрмін», депті. Всеволод Вячеславұлының бір көргенін, бір оқыға-нын есінде сақтау қабілеті күшті екен. Достоевскийдіңүйін, жераударылған петрашевшілердің үйлерін ара-лап шығып, телеграф ғимаратына бет алдық. Оғанжақындай бергенімізде мейманым: - Омбы мен Семейді жалғастырған телеграф сымы1872-жылы тартылды, - деді. Екі-үш күннен кейін Ертісті өрлеп, Өскеменқаласына барып қайтуды əңгімеледік. Всеволод сəл жы-миып отырып: - Семейден Өскеменге, одан ары Зайсанға пароходалғаш рет 1863-жылы жол тартқан болатын. Пароходтыңаты «Ура» еді. Қызық, ə?! «Ура», - деді де, қарқылдапкүлді. Всеволод Иванов Семейде болған күндеріндеҚайымның үйінде жатты. Фархинұрдың қолынан дəмтатып, алты жастағы Розамен бала мінездене сөйлесіпжүрді. Қайымның құлдыраңдаған қызы ақ-сұр костюмкиген, жымиып отыратын мейманға: «Міне, менің ауы-

лым. Міне, менің үйім» деп басталатын əңгімені оқыпберген-ді.

Мейман мейлінше дем алды. Ал Қайым екеуініңəдебиет, тарих, көркем өнер жайындағы əңгімелері тау-сылмастай болатын. Қайым ол туралы да жазыпты:

«. ол бір кеште қазақ əдебиетіне қатысты ойла-рын ортаға салды. Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсіреповүшеуінің «Аманкелді» фильмінің сценарийін жазу жай-ында пікірлескендерін еске алды. Өзі туралы аздапайтты. «Мен көзім жетпеген жəйтті мандытыпжаса алмаймын. Осы Семей облысында туып-өстім.Қазақ ауылдарына жиі барып жүрдім, қазақ балала-рымен бірге жүріп, бірге ойнадым. Ол кезде қазақшажап-жақсы сөйлейтінмін. 1916-жылғы көтерілістібілемін. Оған қатысқандармен сөйлестім. Ол турадыкітап жазуға да кіріскенмін. » деді.

Екеуінің одан кейінгі əңгімесі қазақ жазушыларыныңшығармаларын орыс тіліне аудару жайына ойысты.Всеволод Вячеславұлы жолма-жол аударма дегендіұнатпайтынын айтты. Ол аудармашы Маршакты ерек-ше құрметтейді екен. Маршак Шекспир мен Бернстенаударма жасағанда жолма-жол аударманы неге керекетпеді? Ал Абайдың туындылары, біразына ақынныңөзі, кейбіріне басқалар əн шығарған ғажап дүниелеріде, орыс тіліне аударылмай, кең тарамай жатыр.

Қайым Мұхамедұлының ақжарқын мінезді, білімпазəңгімешіл Всеволод Ивановты керімсал кейіпкер еткенестелік-жазбалары мейлінше көркем тілмен көсілтежазылған, бас алмастан оқисың. Оны жазушының жарыТамара Владимирқызы Иванова жоғары бағалапты.Қайым ағаны туған күнімен құттықтаған жеделха-тынан, Переделкиноға дем алуғы шақырған хатынанризашылығы анық аңғарылады (Вс. Ивановтың семей-лік досы жазушылардың Мəскеу маңындағы Переделки-но шығармашылық үйіне бір барып қайтуға уақыт табаалмады). Айта отырар бір жəйт: Т.Иванованың ҚайымМұхамедханұлы еңбектеріне назар аударып жүргендігі

(Қайым аға ондай ниетті жерлестерінен де көрмеген).Ыстық ілтипатқа бір куə мына үзінді:

"Пишу Вам второе письмо. Первое написала, когдадошла до меня "Звезда Прииртышья" с Вашей статьей"Всеволод Иванов в Семипалатинске". А теперь пишу,прочитав Вашу статью в газете "Иртыш" - "Одним дыха-нием со степью", - деп жазыпты Тамара Владимирқызы1973-жылы. - Я Вас от всего сердца благодарю за обеэти статьи, и мне очень, очень бы хотелось, чтобы,объединив их в одну, Вы опубликовали бы свой труд вжурнале. Такая статья была бы очень уместна на стра-ницах журнала "Дружба народов". Я знакома с главнымредактором и могла бы предложить ему Вашу статью,если Вы этого хотите и пришлете мне ее. Простите,коли мое предложение не к месту. "

Өзіміздің мəдениет қайраткерлерімізбен, əдебиет-шілермен, тарихшы қауыммен əңгімелерінде, сұхбат-тарында Қайым Мұхамедханұлы ортаға салған мə-селелер, қамтыған тақырыптар қыруар. Əрқайсысыжеке-жеке зерттеу жұмыстарына арқау, өзек екені анық.Бəрі де көркем тілмен тұжырымды жазылған.

Төңірегіндегі көпшілік Қайымды ғалым деп қанаемес, Қазынаны сақтаушы деп те бағалайтын. Басқа-лардың өзінде сақтаулы қолжазбаларын ғылыми зерт-теулерге қажет қазына деп Қайымша күтіп ұстаған,ұқыптап сақтаған жан сирек шығар! Абай немересіМəкеннің (Тұрағұлқызы) өздерінің ата-тегі жазылғанкөне дəптерді Қайым ағаға сеніп тапсырғаны сондық-тан деп ойлаймын. Ол кісі Қайым Мұхамедханұлынкіршіксіз қадірлейтін. Жасы сексенге толғанда тойынаəдейілеп шақырып, құрметтілерінің құрметтісі ете си-лап, қасына отырғызып, көпшілікке: «Міне менің жа-нымда Қайым отыр, Гүлнəр Дəулетова отыр!» деп ма-саттана жар салғаны бар.

. Арада жылжып жылдар өтті. Қайым аға естеліккейіпкеріне айналды. Онымен таныс-біліс, қызметтес,сапарлас болған адамдар ғажап қарапайым, кішіпейіл,

ақ көңіл ғалым-жазушының жүріс-тұрысын, кісігеқарасын, жылы жымиысын, əдеппен ақырын ғанакүлетін əсем əдетін, ойлана сөйлейтін əрбір сөзінеске түсіріп, сағынышты сезіммен жазып жүр. ҚайымМұхамедханұлының шағын да қарапайым бейнесібүгінде таутұлғаға айналып, көптеген шəкіртерінешапағатты үлгі-өнеге бола бастады. Бұл құбылыс -мəдениетіміздің, əдебиетіміздің кешегі мен бүгінгі,ертеңгі тарихын өзара жалғап, тоғыстырып тұратынсетінемес өрнек деу лəзім.

КӨҢІЛ КӨГІНДЕГІ СҰХБАТ

Менің осындай сұхбат жасау тілегіме ҚайымМұхамедханұлы қалай қарар еді деген ой кештім. Оныңөзгелерден бір ерекшелігі: ойдың орнықтылығын,сөздің нақтылығын, деректің барынша дəлелділігін,шындықтың шырайлылығын қалайтын. Иə. енді орта-мызда жоқ ақсақалмен əңгімелесу мүмкін емес. Алай-да ойланып көруге болады! Оның толып жатқан ғылы-ми еңбектері, көсемсөз мақалалары, естеліктері, аракі-дік қағаз бетіне түсіре салып жүрген ой түйіндері - қандайсұрағымызға болсын жауап тауып алуға жəрдемдесетінбайлық көзі. Рас, кезінде көп сұрағымызға жауапалғанбыз. Дегенмен, алынбай қалғандар, бүгінге қа-жеттер бар. Мəселен:

- Ұзақ та ой-шұңқырлы болған өткен жолыңызға көзжіберіп отырып, көрген-білгендеріңізді қорытындылапбере аласыз ба?

- Өмірде əркімнің өз тағдыры, өз жолы бар. Қоры-тынды жасайтын кез де көп күттіре қоймайды.Өкінгеніңді елемей жетеді. Ғылыми-зерттеу жəне əде-би жұмыс ауқымындағы еңбегім аз ба, көп пе, сапа-

лы ма, сапасыз ба, - оған өзім төреші бола алмаймын.Десем де, айызымды қандыра еңбек еткен жылдарымаз емес сияқты. Дүниеге қақаған қаңтарда келсем де,өмірімде аяз бен бораннан гөрі жылы, сəулелі, нұрлыкүндерім көп болды.

- Небір елеулі ғылыми еңбектеріңіз жеткілікті. Кө-бі - академиктік деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыс-тар. Солай бола тұрса да, докторлық диссертацияқорғамағаныңыз қалай?

- Оған себеп те жеткілікті. Оның неғұлым дəлелдісінайтсам, ол: ойда жоқта, жазықсыздан жазықсыз реп-рессияға ұшырап, жаныма да, тəніме де тым ауырсоққы тигені; ғылыми жəне қоғамдық жұмыстарымныңшамадан тыс көп болғаны; жастың да, денсаулықтыңда мұрша бермегені; отбасыма қарайлап, он баламдыөсіріп-жеткізуге көп алаңдағаным; КСРО Жазушылародағының мүшесі болған соң, шығармашылық жұмысқаден қойғаным.

- Негізгі болмаса да, қоюым қажет сұрағым: етек-жеңі жиылған көп те саналуан еңбектеріңізді өмірбойы неге жарыққа шығармай сақтадыңыз? Ол əлдекейінгілер керек ақиқатына көздерін жеткізгеншеіздесін деп «тығып қойған» педагогтік бір тəсіліңізбе?

- Қолжазбалар ақпардың ақиқатын анықтау үшінсақталуы қажет.

- Абайдың əдеби мектебін қалыптастыру, сондай-ақ, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын адал, əділзерттеу жолында ғылыми-зерттеушілік ұстанымы-ңызды дəлелдеуге көп жылыңызды жұмсадыңыз. Солүшін Сізді түрмеде азаптады, қинады, лагерьге айда-ды. Ғылыми идеяларыңыздың өтемі сол болғаны ма?

- Мұхтар екеуіміз идеямызды қорғай алдық. Əріп-тестеріміздің, дос болғандарымыздың көбі сатылып,жалақорға айналды. Олар Мұхтардың отыз жыл бойғыеңбегін жоққа шығаруға тыраштанды; мені Əуезовтіңқұйыршығы деді; Шəкəрімді қарақшы деді. Тағдыр бізді

төкпештеді, бірақ жасыта алмады. Мені қойшы. Абай,Мұхтар, алашордалықтар əділетсіздік тауқыметін көптартты. Əсіресе Мұхтар пəлеқор-жалақор тобырменөмір бойы дерлік алысты-жұлысты. Иə, біз ғылымиидеямыздан ауытқымадық. Уақыт – төреші деген рас.Ол бəрін де өз орнына қойды. Біздің идеямызды бүгіндеұлтымыз қуаттап, мақтаныш етіп отыр.

- Замана өзгерді, жаңарды, жақсарды. Абай меншəкірттерінің шығармаларын жан-жақты ғы-лыми зерттеу енді əрі кең түрде əрі неғұрлым əділжүргізілетін болар?

- Абай идеологиялық мақсаттарға пайдаланылыпкелді. Ұлы ақынның философиясы əлі зерттеліп болғанжоқ. Мұхтар да жоқ. Кейбір академиктер Абайды əлікүнге түсіне алмай жүр. Менің төртомдық болсындегенім ескерілмей, екітомдығы шығарылды. Əрине,ғылыми түсініктермен шықты. Бірақ жұмыс əлі көп.Абайды əбден білу, жете түсіну қажет. Бүгін де баржалған ғалымдық жаңылыстарды, бұрмалаулардытүзету үшін зерттеу ғылымының өзін жетілдіру шарт.Абай: «адасқанның алды –жөн, арты –соқпақ» деген.Өмір - алдамшы. Біз бүгін қандай мемлекет құрудамыз?Идеологиямыз қандай? Халқымыздың тарихы жазы-лып жатыр. Кейбір рулардың өмірде болмаған батыр-лары ойдан шығарылып, беталды əспеттелуде. Ондай-лар шын батырларды көлеңкелеп, тарихты бұрмалауғажол ашты. Мен тарихшы емеспін, алайда ұлттықəдебиетіміздің өзіміз өмір сүріп отырған дəуірдегі та-рихын таза жазуға ғалым қазақ ретінде міндеттімін.Біреулер өтірікті жазады. Біреулер сол өтірікке сенеді.Біреулер жалған атаққа құмар. Сондайға жол беруімізхалықтығымызға сын емес пе?

- Сіз Абайға қатыстының бəрін білетін сияқтысыз.Бəрін болмаса да, көбін білесіз. Поэтикалық парасат-ты сөз əлемін Сіз жақсы көріп қана қоймай, жақсызерттеп білгенсіз. Егер Ұлы жолбасшыңызға бір сұраққоюдың сəті түссе, ол сұрағыңыз қандай болар еді?

- Онда Абайға қарапайым ғана сұрақтың бірін:«Сіз қалай ақын болдыңыз?» дегенді қояр едім, ал олкүліп: «Адам жүре ақын бола алмайды, ақын болыптуады» дер еді.

- Бақыт деген не? Сіз оның не екенін білесіз ғой? - Меніңше, нағыз бақыт – еркін, азат болу, ақиқаттыайту, ештеңеден, ешкімнен қорықпау. Тек осылай өмірсүру керек! Адам - осындай болғанда ғана адам!

Алла БЕЛЯКИНА, филолог, жорналшы. 2005 г. Орысша нұсқасынан еркін аударған –

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, жорналшы. 2010 ж.

МАЗМҰНЫХаттар Сөйлейді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5Аңыз Адам – Ақиқат Тұлға . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 265

Бұл кітаптың жарық көруіне демеушілік жасағанқазақтың ұлтжанды азаматы, «Менау əже» қорының

президенті Өмірханов Мақсұт Асылбайұлына«Қайым Мұхамедханов атындағы білім жəне мəдениет

орталығы» қоғамдық қоры зор алғысын білдіреді.

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ: ХАТТАР СӨЙЛЕЙДІ

КАЮМ МУХАМЕДХАНОВ: ПИСЬМА ГОВОРЯТ

Басуға 30.10.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times New Roman».

Баспа табағы 21,0. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс № 989.

Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-і. 050002, Алматы, М.Мақатаев көшесі, 41 үй.

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎