Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Олжас)

Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Олжас)

Қазағымның арулары,қыздары, Жігіттердің майдандағы қарулары,қыздары. Қыздардың қылықтары ерітеді мендегі, жүрек мұзды. Біреулері бар жете алмайсын құдды жартастай, биік құзды.

Қазағымның қыздары неткен көркем сұлуда, Сол жандардан табылуда қарапайымдылық жылуда. Қазағымның қыздары болашақ ана,құрметтегің сенде. Ал біреу болса қыздарды жамандап,қыз таба алмай ұлуда.

Мен ғашықпын қазақтың бір қызына, Қазақтың даласында жайқалған гүліне,қырмызына. Карағым жоқ орыс,өзбек,түрікмен,қырғызына. Себебі ғашықпын қазақтың бір қызына.

Ол арудың қылығы неткен,майысып сызыла. Мен шығып барам махаббатың құзына, Сен бірге шықпасаң көңіл күйім қалар сірә бұзыла. Саған қарап отырамын мен дағы сұлулығыңа, қызыға. БІР АДАМ СҰРАП ЕТ ОСЫ СПЕТТЕС ӨЛЕҢ ЖАЗШЫ ДЕП! Ал өзімде қызым жоқ.

Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Олжас)

Бәрі басталды байағыда емес көктемде, Ғашық болып едім ессіз-түссіз, ал ол алыстап кеткенде. Ол уақыт көп узағаны жоқ, болған еді өткенде. Жауапсыз махаббат болды осы үшін болған мұңым,өкпемде.

Иа мен сүйіп едім, мені бір қармағандай, Құрыпкеткір жүрек неге айтындаршы,жүре берет армандай. Бұлда махаббат, өмірдің тармағындай. Жүрегім ауырып барады,көзімнен жас, қайғы жаулап алғандай.

Иа сүйген едім бірақ олда жоқ деді, Міне азайды тағыда ақындарыңның бір демі. Мендей адам көппе еді,кембеді?? Бірақта ол қыз мені дағы сүймеді.

Сүймесін меілі, Оған кім уайым,қайғы жейді?. Бірақ жүрекке ауыр тиді. Сүймеспин, махаббатқа сенбеспін енді мейлі.

Осы өмірде құлаған ем жыладым, Бар еді ау махаббат деген ұраным. Әй тағы айттым ау махаббат болған жыр-әнім. Мен үшін махаббат болған еді тұрағым.

Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Ербол)

Сүйетінім аян ғой

Сені ғана сүйетінім аян ғой, Өзіңд де, өгеге де баян ғой. Өлсе – дағы жазылмаған құшағы, Шын ғашықтар Қозы менен Баян ғой. Сен іздеп жанарымды талдырам, Саған арнап жырдан сарай салдырам. Жас сұлуға ғашық жігіт оқысын, Жырларымда есімінді қалдырам. Махаббат бұл інкәр, сезім сыры кең Өрнектелген, қос ғашықтын жырымен. Құттықтаймын өздерінізді, шын жүректен, Қозы Көрпеш, Баян Сұлу куні мен.

Махаббат – ғажап құдірет Махаббат – нәзік қызғалдақ, Қызылға қырды боятқан. Күтеді жігіт қыздан бақ, Сезімін алғаш оятқан. Махаббат – лаззат тәп – тәпті, Қосылса ғашық балдайды. Махаббат – ғажап сәт сәтті, Өкінтіп кейде алдайды. Махаббат кейде жауапсыз, Сүйгенің сені сүймейтін. Сүйгендер қалмас сауапсыз, Ерін жоқ отқа күймейтін. Махаббат – ғажап құдірет, Кәусар – ол ғашық қанбайтын. «Сүйем – деп – сені» күбір ет, Өртенсін жүрек жанбайтын Қазына – асып махаббат, Байлық жоқ оған тең келер. Күтеді одан шапағат, Көктемі өткен жеңгелер. Махаббат – асыл қазына, Елтідім сұлу сазына. Көктемін алғаш жоғалтып, Шүкірлік етермің жазына.

Махаббат Махабат от сезім гой қайталан бас, Оны ешкім, ешқашан да, қайтара алмас. Уысынан бір шығарып ұстатпайтын, Неткен жүрек сезім жүйрік қайтара алмас. Елік сезім, біздерге, аян ғана, Бұрармыз қайырынан, қайырнаға. Елік теме, «Әуле Валентинге», Біздерге ұлы Қозы менен Баян ғана. Бір Аллам адам затты махаббатқа ғашық етсін, Ғашықтықты талмас асыл етсін. Бір – бірін шын сүйеттің жандар болса егер, Махаббатты мәңгілік нәсіп етсін!

Комментарий к записи ОТАН , ЖЕР – ЕЛ БАТАСЫ . (Серікбай Маханұлы ақын - сазгер .)

ОҢТҮСТІК ӘСЕМ ӨЛКЕМ . Жігерлі екпін . Сөзі мен Әні : Серікбай Маханұлынікі . Оңтүстік өлкем тамаша , Жерім бар қандай жаңаша . Көгінен шуақ нұр төгіп Жылдарың өтті қаншама . Қайырмасы : Тірлікке халқың жол ашқан , Бірлікпен елім жарасқан . Жайнай бер мәңгі Күн болып Оңтүстік өлкем Қазақстан .

Шымқала болып атанып , Келесің күнде жаңарып . Сексен жыл өтті тарихтан Обылыс атын жаңғыртып . Қайырмасы : Табиғат көркін байқайық , Қойнауың толған кен байлық . Қараңдар бәрін көріңдер Наурыз да тойын тойлайық . Қайырмасы : Ерлерің алып жаралған , Еңбекпен терлеп нәр алған . Жолдауын жолдап іспенен Әлемге даңқың таралған . Қайырмасы : Жеңіске жетіп жарыспен , Өрледің алға алғыспен . Бабалар рухы қолдасын Молшылық болып табыспен . Қайырмасы :

Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Мурат)

Омир жане олим Калдыма конилин Ендеше шыда бала Ажал келгесин Алып кетеди сени АЛЛА

Тозак жумак Болинеди 2 ге Жумак жаксы Билесинбе жаман тозак

Периштелер ортеди тозакты Ал жумакка барган жан бакытты Тозакта омир баки жанасын Ал жумакта бир куанып каласын

Олимди ойламайсын Омирди коп ойласын Ойламайсын олимди Коп кулесин коп ойнайсын Ишимдикке мас боласын Уйге келип айкай шу саласын Мунын бари жатады жамандыкка Ал шайтан сол иыкта отырып Калады куаныпта Баргын келема жумакка Онда коп жаксылык жаса Ал егер кателессен Кетесин сен тозакка Киру ушин жумакка Ата-ананды сен сыйла

Комментарий к записи Хабарласпай кеткенің дұрыс болды, (Нурик Журсин)

Комментарий к записи M@il.ru…Махаббат (ШоКаН)

жарайсын бауырым кирме агентке)))ххе

Комментарий к записи Суиеп едим (Серікбай Маханұлы ақын - сазгер .)

ҚАЙТАДАН ТУЫЛАДЫ . Шашу қып , шашып тастап жапырақты , Сұрша күз тұла бойды қалтыратты . Жел тұрып әуедегі бұлтты қуып Тағынан мимырт жазды жалтыратты .

Сарғайған жапырақтар түсіпатыр , Тапталып жер бетінде шіріп жатыр . Құйын кеп сай – саланың төңірегін Аралап піспегімен пісіп жатыр .

Уақытпен өз керегін санап алды , Таңбасын сұлулықтың таңдап алды . Көйлегін шешіндіріп тал біткеннің Табиғат көріктерін тонап алды .

Бүлкілдеп бал – бұлақтар сыңғырлайды , Жағадан қыз әуенін күз таңдайды . Сәлемін естігендей сағыныштың Мұңайып гүл қурайды , сылдырлайды .

Жаңбыр боп шаң – топырақ суырады , Бар аймақ көк суына жуынады . Үзілген жапырақтар келер жылға Қайтадан бүршік жарып туылады .

ҚАРСЫЗ ҚЫС . Ағартып талдың басын қүрау шалды , Зәрлі қыс көңіл – күйге сұрау салды . Бүкшиген нар қамыстар белін жазбай Майысып күн көзінен манаурады .

Бұл қалай көктем жетіп үлгерген бе , Көгеріп тал шыбықтар гүлдеген бе ? Сусылдап төгіледі ақ құмшекер Бір сәтке ызғырық жел гулегенде .

Көрдің бе , Күн табақ жер дастарқанын , Жайып сап қарсыз өңір басталғанын ? Қозғалыс тіршілікке еніп жатыр Ойланбай уақытынан бос қалғанын ! .

Суықтан қарауытып қыр – айнала , Үрей сап , зар жылайды қарсыз дала . Қылаулап сұр аспаннан бұлттар айнып Тамшылар сіркіреді жансыздана .

Қарсыз қыc табиғатпен шектеледі , Құлау сап бағыттарын өзгертеді . Бей – мезгіл күннің райы ауысқанда Жазықсыз жердің беті тегістелді .

Еңбекпен қатайтқанда бұғанасын , Ер жігіт дәнін сепсе қуанасын . Жыл сайын жазық далам аппақ қармен Өңірге сәнін беріп тұра қалсын .

ТЫҢДА ЖҮРЕГІМ . Жүр едім мықтыма деп жан жүрегім , Жүдедім ағысыңа қан қорегім . Абыржып тұрғаныңды сезінемін Айтқызбай дәл өзіңе не керегін ? !

Кінәм жоқ саған айтар бәрін білген , Махаббат тәттілігін дәмін берген . Сыйқырлы тамырларың сым секілді Ток жүрер қызыл қанмен дірілдеген .

Шаршама , абыржыма қайран жүрек , Түнертіп орнатпағын қара түнек . Соққылап сұққылайсың , ойнақтайсың Жұп – жұмыр бауыр етті қайта түзеп .

Қанша рет қуандырдың таңғалдырып , Көтердің қайғы – дертті таң атқызып . Білемін шешілмеген салмақ барын Кеудемді мазалайсың сең тұрғызып .

Қайтемін жан тәнімді жараласам , Не болам бір өзіңе қарамасам ? Жүйкемді тоздырмашы жүн етіп Құр бекер неге жүрмін жарамасам .

Қоқытпа аласұрып қан жүрегім , Күрестім тіршіліктен қалжырадым . Ақынға сен керексің , тыңда сөзді Өмірге өлең болсын қалдырғаным ? !

НҰСҚА БЕРЕР . Жаным жадау жүрегім мазалайды , Беймезгілде найзағай жарқылдайды . Көңілімде қаншама ойлар жатыр Зәңгір көкті ақ жауын тазалайды .

Дүние тұр , жебелеп әзірленген , Қымбатшылық ойнайма тәңірменен ? Тобырланып мына жұрт қайда шыққан Зәбірленіп көргем жоқ әзірге мен ?

Жатақтарым мұндай түс кімнен күткен , Қайырымдылық ас болмас ішкеніңмен . Қорды жыйнап шектелдік қолға қарап Түк шықпайтын шүйкедей түткеніңмен .

Көше толған адамдар толқындайды , Толғағымен нұрлы күн салқындайды . Зейнет ақы дұрыстап көбейер ме ? Жылы сөздер қашан бір жарқылдайды .

Теңгерілдік теңге деп , айлық қайда , Кекеніме қолды боп нарықтарға ? ! Бір айлығың жетпейді сусындауға Күнделікті нанда жоқ тарыққанда ? !

Сүйреткізіп қылышын қыста жетер , Жан ауырса өмірің қысқа келер . Заңың қайда елім деп қарайтұғын Ей , басшылар кімдер бар нұсқа берер? !

САТА КӨРМЕ ? Көше тола қыбырлаған өңшең адам , Жол бермейді алға қарай бассаң қадам . Қуаныштың құшағында келе жатып Ой толқынын ұстап алып өлең жазам .

Ақшылданып көз тартады күзде азан , Өздігінен көтерілді көкке тозаң . Табиғаттың әсем көркін ұрлағандай Тал басының жапырағы лезде қазан .

Адам көркі табиғатпен кескінделген , Көріктерін арсыз надан кескілеген . Жақсылардан сәлем жолдап жылы жаққа Жаздың құсы ұшып бәрі кетті білем ?

Ақ айдынды толқып жатқан кең алқапты , Жемістерін ел ішіне аралатты . Ары таза азаматтар басшы болып Байлықтарын жыйыстырып алып жатты .

Келешекке талай белес басқарылды , Еңбекпенен күз сарғайып атқарылды . Көзің тоймай арамдықпен дүниеге Сата көрме адам деген аттарыңды ? !

ҚАЗАҚСТАН ДАЛАСЫ . Қара таудан ағылып көштер өтті , Қойнаулары тарихтың күйлер шертті . Елім – айлап егілген қайран жұртым Заманыңда тілекке кімдер жетті ?

Сұр даладан , бозінген дауысынан , Үн естілді зарлап бір ауырсынған . Көз жастарын көл етіп , ұрпақ үшін Бабаларым ерлікпен жауын қуған .

Аңыз болдың қазағым ұрпағыңа , Өз тіліңмен сан ғасыр тұрғаныңа . Арайланды ән дала — құс қанаты Риза болды самғап бір ұшқанына !

Талай жүйрік шапқылап әр саладан , Бейбіт күнді паш етті кең даладан . Батыс , Шығыс арасын жалғастырып Бір Құдайым сақтады зор жаладан .

Домбырамнан күй шертіп тербелейін , Ақын болсам , ән салып еркелейін . Солтүстік пен Оңтүстік даласынан Бақытыма қуаныш жетелейін .

Жалғастырып құт – береке жайлауыңнан , Кен байлығын тасытып қойнауыңнан . Елім – айға зарлаған қайран қазақ Енді бүгін сескенбе жауларыңнан .

Желбіретіп жалауын биіктерден , Далам менің еңбекке иліктірген . Арманымды құшамын тең жаямын Өзгеріспен жайнатып тірлікпенен .

АЛҒЫС . Шалғайда алыс жол маған , Елінен алғыс жолдаған . Басталды өмір жаңадан Бір – бірін адам қолдаған .

АРУ КӨКТЕМ . О, сәулешім көрмегелі көп болды , Айтшы өзің сағындың ба көк белді ? Нәзік үнің естіледі ән болып Ару көктем жыл құстарым кеп қонды .

Асау өзен аққанында су толып , Түрлендірді кең даланы жайқалтып . Маңырайды өрістерден төрт түлік Ауылыма ерекше бір сән қонып .

Арайланып көз тартады төңірек , Атылғандай найзағайдай зеңбірек . Бұлттар көшіп , жауды жаңбыр манаурап Гүл оранды , бүрін жарды бәйтерек .

Қараймын кеп көз тоймайтын шатқалға , Рең кіргендей жасылданған бақтарға . Самалыңды тербетші көктем күні Нұрың болсын сырласқанда жастарға .

Ару көктем қанатыңды қаққанда , Шоқ жұлдыздар жымыңдайды ақ таңда . Жағасынан қарсы алайын сәулешім Бұлақ суы көк майсаға аққанда .

Ару көктем төсегендей кеудесін , Ояттың ба , өлең – жырдың сәулесін ? Көк шалғыннан әтір иісі бұрқырап Келтіресің махаббаттың тәубесін !

Ақ моншақтан қайың сырға таққанда , Құстар қонды – сыршыл сұлу бақтарға . Өзің келіп ән салар деп күтемін Ару көктем ақ қанатын қаққанда ? !

АҒЫН . Ой туар қалай сезімнен , Ғашық ем бала кезімнен . Атқылап өлең ағылды Жаңарып талай сөзімнен .

ОРАЛШЫ КӨЛІҢЕ . Тіршіліктер басталғанда көктемнен , Сұрап тұрмын хабарыңды өткеннен . Сырлы саздар сағыныштан алаулап Аққу – қаздар ұшып өтті көк белден .

Сезінемін жұпар иісін , көктемді , Сырласуға еске алсам өткенді ? Ақ қайың да ырғатылып сол сәтте Көрсетіп тұр өмір деген өткелді .

Нұрлы бейнең кетпей қойды түсімнен , Өзің едің жан сырымды түсінген . Армандаған көлде жүзген Аққуым Көрінбейсің қайтқан құстың ішінен ?

Қом сулармен көл жағасы қоғалы , Оралмадың айдыныңа қонғалы ? Жалғызсырап бір сыңарың гәккулеп Қанат қақты , қайта әнін салғалы !

Жүрсің қайда самал желді тербетіп , Ақша бұлтпен табыстың ба сенделіп ? Бей – жай болып көкірегім толқиды Найзағаймен жаңбыр жауып селдетіп !

Өкінішке қалдырмашы шөлдетіп , Көк жүзінен көрінсейші өрлетіп . Өзің жүзген көлің жатыр тұп – тұнық Келіп қоншы айналайын тездетіп !

ӨМІР ӨЗЕН . Таулардан сулар ағар тас құлатып , Жолында кездескенін домалатып . Көк майса қалың қамыс ну аралап Жосиды маңайларын шуылдатып .

Бастауы бұлақтардан басталады , Жағасы ырғатылған тал болады . Ағысын баяулатпай жөңкігенде Көрген жан болмысына таңғалады .

Толқыны жарқаббаққа соғысады , Сыйа алмай арнасынан жосылады . Cу жыйнап жылғалардан кең далада Құятын сағасына асығады .

Ілгері жылжығанда ағын сулар , Сылаңдап ұшқындайды сағым булар . Көрінсе сусыз қалған аңғарларың Еріксіз аянышпен жаным тулар .

Су ішіп жан – жануар ойнақтайды , Адамдар бір – бірінен хал сұрайды . Егер де , ала жаздай нәр тамбаса Ылғалың құмға сіңіп қайырлайды .

Басталар өмір болып талай өзен , Тіршілік сусыз қалса қалай төзем . Сайрандап күндіз – түні аға берші Сондықтан арнайыншы қандай өлең .

ДАУЫЛ . Айнала қарауытты кешкі арай , Шаң – тозаң көтерілді көкке тарай . Долы жел ерік бермей ұрғырайды Бұтағын ағаштардың шетке қарай .

Есіріп тоқтамастан соғады жел , Қызарып қанталады жоталы бел . Ап – айқын көл бетінен көз ұшында Қиыршық тас бұршақ боп борады сел .

Табиғат мазаланды тыным таппай , Түнеріп бұлттар көшті шынын айтпай . Гүрілдеп көк аспанның нар қабағы Күн көзін тасалады жолын ашпай .

Суырып топырақтар шашылады , Әп – сәтте тынышталып басылады . Жол іздеп құйындатып терең сайға Су жыйнап долылығын жасырады .

Таусылмас тіршіліктер дауыл болмай , Өзгеріп жаңармаса ауыл – маңай . Долданбай ей , адамдар өміріңде Жүгіңді көтере біл ауырламай ? ! .

КҮЗ КӨРКІ . Есімде тұр махаббатым алғашқы , Көп күзетіп жүрдім – ау бір ағашты . Куәсі боп , осы күнге сол бір жер Сағынышым – өмір жолы жалғасты .

Шайқатылса тал бұтағы күздегі , Жөңкіп өтер сұрша бұлттың тізбегі . Жазық дала сұп – сұр болып көңілге Жаздырғандай жыр – шумағын түздегі .

Жасыл шөптер қурап жатыр біртіндеп , Шашылады жапырақтар бүрсеңдеп . Леп келеді көк аспаннан ызғар боп От жанады найзағайдан дүрсілдеп .

Сарғайғанда батар күннің өзегі , Жаңбыр құйып құйын сырғып кезеді . Жайлап басып , ойлап келем күз көркін Жалғасар деп қатал қыстың кезегі .

Айнымайды сұр жапырақ жүректен , Ағаш көркін өн бойына түлеткен . Саяаңда мен куә еттім айлы түн Махаббаттың бал – шырынын күзеткен .

Қалмақ емес аяқ асты тапталып , Ән болады жүрек тулап жатталып . Сөйлесер ем жансыздарға тіл бітсе Тұрғанында күздің көркі сақталып .

КӨКТЕМ ЖЫРЫ . Көрмедім ғой қыс болып қырды көптен . Сағындырып жеттің бе , нұрлы көктем . Кілем жайып жазыққа шыға қалсаң Бар төңірек тамылжып сырын шерткен .

Міне көктем бөктерге келіп жетті , Ұзақ жатқан аппақ қар еріп кетті . Жасыл шөпке нұрлы күн нәрін құйып Ақша бұлттан тамшысын төгіп өтті .

Ерте келген көктемнің күндерінде , Ләззәт алдым жан құрбым күлгеніңде . Қарайласам елеңдеп көк белеске Өзің тұрдың жүректің нақ төрінде .

Ағын сулар толтырды сай – саласын , Тіршіліктің келтіріп салтанатын . Аққу құстар таранып көл бетінде Махаббатпен көктемді қарсы алатын .

Білінбейді өмірдің өткендері , Арманымды аңсадым көптен бергі . Тәңірімнен сұранам табынамын Бақытымның қайда тұр өткелдері ?

КҮЗ САРҒАЙЫП . Кеттің бе күзім сарғайып . Барамыз біздер қартайып ? Жасыма дейсің ой салып Жатыр –ау өмір ортайып !

Жап – жасыл тұрған тал еді , Жарасқан күнім «бал» еді . Өзіңмен тұрған сөйлесіп Қартайған жігіт шал еді .

Енді жоқ жаздың ыстығы , Басталар қыстың суығы . Әніңе салма жылауық Долы жел соққан былтырғы ?

Көңілсіз неге жасыл бақ ? , Бояуын қайда жасырмақ . Шашылды қоқыс күл болып Өртеніп жатыр жапырақ !

Дүркіреп бұлттар өтеді , Жаңбыр мен құйын кезеді . Құлазып дала абыржып Алыстан сәуле өшеді .

Табиғат көзі тіршілік . Тағдырға еттім шүкірлік . Мезгілмен есік ашылды Тек қана ұқпас бір шірік .*

Қартайма көңіл қартайма, Өтті деп өмір мұңайма ? Сарғайған күзде өлең көп Шабытым әсте ортайма ? !

КҮН СЫРЫ . Сыйғыздырып құшағына аспанды , Орап алып , кім жұбатар адамды ? Күннің көзі көк жүзінен тік қарап Бар әлемді жылытады , бар маңды

Қара жерге қадағанда кірпігін , Мұңға батып толғанасың Күн бүгін . Көк — көгілдір кеңістікке жайғасып Адамдардың байқайсың ба тірлігін ?

Күн айтасың ызғарымды төккенім , Жер – Ананың арызына жетпедің ?! Мезгілімен жердің көркін өзгертіп Тіршілікке сәуле шашып өткердің !

Шуағымнан тыныс алса жүрегің , Барлық елге мен боламын тірегің . Ардан безіп Алла атын жамылып Жүргендердің жек көремін қорегін !

Деп осылай сілкінгенде Күн көзі , Парыз тұтып , тәуіп етпес кім өзі ? Айналайын жарығыңды төге түс Арман етіп күтудеміз Күн сені !

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎